Мемлекет басшысы жауапты мамандарға халықтың сұрақтарына тез әрі түсінікті жауап берілуін тапсырды
Еліміздегі төтенше жағдай кезінде жалақысы сақталмай, еңбек демалысына кеткендерге әлеуметтік төлемдер төленеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында мәлімдеді.
Сондай-ақ осындай сын сағатта қиын жағдайға душар болған тұрғындарды қолдау мақсатында да бірқатар шаралар қабылданбақ. Мемлекет басшысы жауапты мамандарға халықтың сұрақтарына тез әрі түсінікті жауап берілуін тапсырды.