«Miras» алаңында тарихи ғимараттар мен ескерткіштерді сақтап қалудың жолдары қаралды

15.11.2020 18:40
ФОТО SPUTNIK

Кеңестің кезекті отырысында қалалық Мәдениет басқармасының 9 айда атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды.

«Алматы 2050» Стратегиясы аясында мәдениет саласында қала тұрғындарын қаланың мәдени өміріне тарту, тарих және мәдениет ескерткіштерін күтіп-ұстау және қалпына келтіру жұмыстары туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д. Әлиев баяндап берді.

Жыл сайын қалада «Ореn-air» форматында 160-қа (53 - республикалық, 55 - қалалық, 6 - ведомстволық және 52 - жеке меншік ұйымдар) жуық мәдени нысандар мен  ұйымдар жұмылдырыла отырып, 100-ге жуық ірі имидждік мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізді.

Д.Әлиевтің баяндауынша, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының мәдениет саласы бойынша Жол картасының 10 тармағы «Кітапханаларды шығармашылық даму орталықтарына айналдыру арқылы тегін шығармашылық үйірмелер мен коворкинг-орталықтар санын арттыру» аясында қалалық кітапханаларды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы қаланың 10 кітапханасы жаңғыртылып, бүгінге келушілердің саны 1 260 000 адамды құрады. Жаңғыртуға дейінгі шығармашылық үйірмелердің жалпы саны – 40 болса, жаңғыртудан кейін – 91 үйірмеге жетті. Жалпы өсім 127,5 пайызға артқандығын атап өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қалалық іс-шаралар Жоспарының негізінде 18 іс-шара қарастырылған. Бүгінде Жоспар бойынша бірқатар ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдер, фестивальдар, көрмелер, концерттер, кездесулер, байқаулар және т.б. өткізілуде.

Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау бастамасы аясында   мемлекеттік тізімдегі 162 тарих және мәдениет ескерткіштерін паспорттау және қала аумағында орналасқан Сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда Кеңес мүшелері басқарма өкіліне қаладағы тарихи ғимараттардың келбетіне назар аударып, екі үлкен тарихи ғимаратта (Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Түркия Республикасының Бас консулдығы) – тарихи-мәдени ескерткіш ретінде қазақ зиялыларының мұражайын ашу туралы ұсыныс айтты.