Алматылықтар аналар мерекесін атап өтті

18.09.2022 18:47

Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі қазақтың бұлбұлы Роза Бағланованың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Almaty.tv

Қала күнімен қатар бүгін елімізде аналардың мерекесі де тойланып жатыр. 10 жылдан бері қыркүйектің әр үшінші жексенбісінде бұл күнді атап өту дәстүрге айналған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соған орай, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі қазақтың бұлбұлы Роза Бағланованың ескерткішіне гүл шоғын қойды. Әлемнің жарығын сыйлаған аналар сый-құрметке лайық деп мейраммен құттықтап, ән шырқап берді. Айта кетейік, былтыр ғана құрылған бірлестікте қазір 9 мыңға жуық ана бар. Оның ең үлкені - 90 жаста. Ұйым жас отбасыларды табыстыру, аразды татуластыру, сондай-ақ ұмыт болған дәстүрді жандандырумен айналысады.

«Бір қазақ бір қазақты түйіп өтеді. Енді дәстүр келмей адам өз болмысынан айырылғанда ұлт жойылады. Қазаққа, ұлтқа керек нәрсе - діні, ділі, тілі мен дәстүрі. Осы үш нәрседен ада болған халықты оны енді қалай деп атауға болады», – деді «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Жүгінісова.

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестіктің мақсаты – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ана тілімізді қастерлеу, ұлттық киімдерімізді және ақ кимешегімізді насихаттап, қазіргі мынау біздің ұрпағымызды тәрбиелеп жатқан. Жас келіндер, апа-жеңгелер, қыз-келіншектерді жақсы жолға насихаттау, тәрбиелеу», – деді көпбалалы ана Ләйле Дәулет.