Пітір садақаның мөлшері – 300 теңге. Бұл - оның ең төменгі мөлшері.
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Пітір садақаның мөлшері – 300 теңге. Бұл - оның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден артық беруге де болады», - деді діни басқармадағылар.
Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді.
Пітір садақасы - күнделікті қолданыстағы негізгі қажеттіліктерден тыс, кем дегенде, нисап көлеміндегі байлыққа ие адамға міндетті садақа. Шариғаттағы үкімі – уәжіп. Рамазан оразасы парыз етілген жылы пітір садақасы да уәжіп етілді. Шариғатымызда аталмыш садақаны Ораза айт намазына дейін берілгені дұрыс.