Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

akorda.kz
akorda.kz
Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды.

Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.

Новости партнеров