Павлодар тұрғыны танысын дәмханадан алдап шығарып, алып қашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқиға 21 желтоқсанда болған. Павлодар полициясына адам ұрлау туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшыларымен кездесу кезінде арызданушы бірнеше сағат бұрын достарымен бірге дәмханаға түскі ас ішуге келгенін айтты.
Біраз уақыттан кейін жігіттердің бірі сөйлесу үшін далаға шығуын өтінді. Қыз келісті. Осыдан кейін жастар қаланы аралап, бір сағаттан кейін келуге уәде бергені белгілі болды.
Бірақ кейінірек қыздардың бірінің күйеуі жігіт қызды алып қашқанын айтты. Сондай-ақ ол шамамен бір айдан кейін үйлену тойы болатынын жеткізген.
Ұрланған қыздың құрбысы полициядан көмек сұрады.
"Күдікті ұсталды, Қылмыстық кодексінің 125-бабы ("Адамды ұрлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы бап бойынша кінәлі деп танылған адам төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Дереккөз: Sputnik