Алматыда нан өндіретін комбинаттар мен ірі сауда желілерінің жұмысы жанданды

10.01.2022 19:20

"Ақсайнан", "Алматынан" және "Рузинанан"

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласы аумағында 3 ірі нан зауыты - "Ақсайнан", "Алматынан" және "Рузинанан" нан-тоқаш комбинаттарының жұмысы жанданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бұл кәсіпорындар күніне шамамен 80 тонна нан шығарады. Өнім бағасы бұрынғыдай қалатыны белгілі болды. Ақсайнан - 80 теңге/бөлке, Алматынан - 85 теңге/бөлке. Қала халқын маңызды өнімдермен қамтамасыз ету жолға қойылып жатыр", - делінген штаб хабарламасында.

Бүгін қалада барлық ірі сауда желісінің (Магнум, Смолл, Тоймарт, Метро, Юбилейный, Столичный, Маймарт, Галмарт, JLC және Асыл Ет), сондай-ақ, "У дома" дүкендерінің жұмысы қайта жанданды.

Сондай-ақ, Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі өндірушілердің азық-түлік жеткізу арналары қалпына келтірілді.