Жамбылдық диқандар қоқысқа өнімін өткізу үшін ақша төлеуге мәжбүр

28.03.2024 21:08

Өңірдегі қоймаларда былтырдан қалған 138 мың тонна пияз бар

Almaty.tv

Жамбылдық диқандар қоймаларында қалған мыңдаған тонна пиязды халыққа тегін таратып жатыр. Себебі тауарға сұраныс жоқ, сатылым бағасы 10 теңгеге дейін төмендеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал шіріп жатқан өнімді диқандар қоқысқа тастауға мәжбүр. Қазір өңірдегі қоймаларда былтырдан қалған 138 мың тонна пияз бар.

Еске салсақ, өткен жылы Жамбылда 780 мың тонна өнім жиналған. Бұл – рекордтық көрсеткіш болатын. Дегенмен өңірде өнімді өткізу жағы реттелмеген.

– Отыз тоннадай шығардым, әрбір машинаға 45-50 мың теңге жұмсалды. Қоқысқа алмайы, оған да ақша төлеп жатырмыз. Ашық далаға төге алмайсың, сасиды, мал жемейді, – деді шаруа Хусейн Бешлиев.

Оқи отырыңыз: Бруцеллез: СҚО-дағы 5 ауданда қауіпті дерт тіркелді