БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақыны атады

24.02.2021 19:00

2021 жылдың 1 ақпанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 167 423 адамға төлем жасады

КазТАГ

БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақыны атады. Қор мәліметінше, ай сайынғы ең жоғарғы төлем - 522 610 теңге, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың 1 ақпанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 167 423 адамға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 73,8 миллиард теңгеге 172 мыңнан аса зейнетақы төлемі, біржолғы зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударым жүзеге асты, оның ішінде:

біржолғы зейнетақы төлемдері - 49,6 миллиард теңге;

сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 9,1 миллиард теңге;

зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер - 6,5 миллиард теңге;

мұрагерлік бойынша төлемдер - 5,9 миллиард теңге;

ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер - 2,1 миллиард теңге;

жерлеуге берілетін төлемдер - 0,4 миллиард теңге;

мүгедектік бойынша төлемдер - 0,2 миллиард теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 25 886 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге болды.