Олар апат орын алған аймаққа келіп, тексеру жұмыстарына қатысатын болады
Ал, апат орын ала сала Премьер-министрдің тапсырмасымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Олар апат орын алған аймаққа келіп, тексеру жұмыстарына қатысатын болады. Ал, осыдан бірнеше сағат бұрын орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі брифинг өткізіп, соңғы ақпараттармен бөліскен болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ішкі істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде қандай да бір ақпарат беру керек болатын. Алайда белгісіз себептермен олар әлі келмеді. Ал таңертеңгі осында өткен брифингте арнайы комиссия құрылғанын және олар оқиғаның мән-жайын анықтайтынын айтқан болатын. Қазіргі уақытта Bek air авиакомпаниясының ұшу жарамдылығын және пайдаланушы сертификатын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тоқтатты деген хабар таратылды. Егер жауапты ведомстволар апаттың себеп салдарына қатысты қандай да бір ақпарат таратып жатса, біз шұғыл түрде өздеріңізге жеткіземіз.
Асылбек Тойбек, «Алматы» телеарнасы