Оқушылардың бәрі Бостандық аудандағы №40 мектепте оқиды
«Алматы» телеарнасының қызметкерлері «Мектепке жол» бағдарламасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға оқу құралдарын үлестірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Телеарна қызметкерлері «Орбита» және «Таугүл» шағын аудандарына барып, қолайсыз жағдай тұрып жатқан 6 оқушыға оқуға қажетті құралдарды табыстады. 3 баладан тұратын 2 отбасы жалдамалы үйде, ал 6 баладан тұратын 1 тұрғын үйдің жертөлесінде тұрады.
Оқушылардың бәрі Бостандық аудандағы №40 мектепте оқиды.
Барлық оқушыларға сөмке, қарындаш, дәптер, күнделік және т.б. оқуға қажетті құралдар үлестірілді.