Аталған шара халықаралық толеранттық күніне орай өтті
Қазақстандағы саяси тұрақтылық. Дін мәселесі және қоғамдағы қауіпсіздік. Халықаралық толеранттық күнінде дін мамандары, шетелдік елшілердің өкілдері мен сарапшылар аталған тақырыптарды талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бүгінгі жиынның маңызы зор. Осы күні кейбір елдер азаматтардың діни білімнің жоқтығын пайдаланып жатыр. Сондықтан, осындай шаралар тараптардың тәжірибе алмасып, діни сауаттылықты жоғарылатуға мүмкіндік береді», - деді ҚР-дағы Тәжікстан Республикасының бас консулы Назир БАХОДУР.