Ерлан Тұрғымбаев митингке шыққандардың жолын кесуге дайын екендіктерін мәлімдеді

04.09.2019 19:07

Ал Ішкі Істер Министрлігі Жаңаөзендегі заңсыз митингтерді тоқтататады. Бұл туралы еліміздің бас полицейі Ерлан Тұрғымбаев Мәжіліс отырысынан кейін айтып қалды.

Министр 55 кәсіпорын ашылатыны туралы ақпараттың жалғандығын айтып, халықты бос сөзге ермеуге шақырды.

«Егер азаматтар ескертуге көнбей, заңсыз митингіге үгіттейтін болса, онда ішкі істер органдары олардың жолын кесуге дайын»  деді ведомства басшысы.

Тұрғымбаевтың сөзінше, қазір Жаңаөзендегі жағдай тұрақты.