Алматының Түрксіб ауданындағы тұрғын үйлер мен бірқатар ғимараттар уақытша ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл осы маңдағы бес су жылыту қазандығындағы жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр. Сондай-ақ, алдағы жылыту маусымына дайындық деді Алматы жылу жүйесінің баспасөз қызметі. Осылайша, жаздағы әрекет күз-қыс кезеңінде тұтынушыларды жылу мен ыстық сусыз қалдырмау үшін қолға алынды.
ГРАФИКА
Төмендегі көшелердің шеңберінде орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру тоқтатылады:
– Лисаковская - Айша Бибі, Волочаевская - Береке, Кожедуба - Янка Купалы көшелері, Сүйінбай даңғылы - Казакпаев, Терешкова - Эйхе, Жайсан - Космическая, Кассина - Ақан Сері, Хетагурова - Котельников көшелеріне 8 маусымнан 12 маусымға дейін;
– Майлин көшесі - Сүйінбай даңғылы - Дөнентаев - Монтажная - Физули көшелеріне, сондай-ақ «1-Алтай», «2-Алтай», «2-Жұлдыз» ықшам ауданына 8 маусымнан 7 шілдеге дейін.