Иран мен Қазақстанның арасына әуе рейстері қайта ұшады

14.04.2022 19:12

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

Ираннан Қазақстанға әуе рейстері қайта жанданады деп хабарлайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Биылғы 20 сәуірден бастап ирандық Kish Air әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық ұшуды орындауды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады», - делінген хабарламада. 

Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге жүзеге асады.