Алматы облысында суға шомылу маусымы басталады
Алматы облысында суға шомылу маусымы басталады. Бұл туралы коронавирустың таралуына қарсы әрекет ететін Алматы ақпараттық алаңдарының ресми желісі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері К. Баймұхамбетов облыстағы туристік нысандарды шектеу шараларын сақтай отырып пайдалануға және жұмыс істеуге рұқсат берілетінін айтты.
«COVID-19-дың белгілері болуы мүмкін адамдарды ертерек анықтау үшін қызметкерлер мен демалушыларды күнделікті бақылауға алу қамтамасыз етілуі тиіс. Орын саны 100-ден асатын нысандарда міндетті түрде медициналық қызметкер (немесе келісімшарт бойынша), оқшаулау орны бар медициналық пункттер болуы міндетті», - деді К. Баймұхамбетов.