Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша «Isker Ana» бағдарламасы арқылы 1,2 мыңнан астам отбасыға бизнестерін ашуға қолдау көрсетілді
2019 жылдың 30 сәуірінен бастап аз қамтылған отбасылар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінгі күні осы бағдарлама арқасында 284 отбасы тұрғын үй сертификатын алды және жеңілдетілген шарт бойынша – жылына 2% мөлшерлемемен Алматыдан үй алды.
Айта кетерлігі, 2019 жылдың тамызынан бастап қаланың барлық аудандарында осындай «Бақытты отбасы» орталықтары ашылды, бұларда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын «Isker Ana» бағдарламасы жүзеге асуда.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша «Isker Ana» бағдарламасы арқылы 1,2 мыңнан астам отбасыға бизнестерін ашуға қолдау көрсетілді, 3,7 мыңнан астам аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 126,9 млн тг көлемінде демеушілік көмек берілді.