Халық санағы – 2021: Алғашқы күні 32 мыңнан астам адам тіркелді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Кеше Ұлттық санақтың онлайн кезеңі басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық санақтың онлайн кезеңінде алғашқы күні 32 мыңнан астам адам тіркеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2 қыркүйек сағат 10.00-дегі жағдай бойынша 32 422 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 28 382-сі sanaq.gov.kz сайтында, 3528-і Egov порталындағы сайт сілтемесін пайдалана отырып жауап берсе, 512 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты», деп жазылған Ұлттық статистика бюросының мәліметәнде. 

Ұлттық статистика бюросы мамандарыныу атйуынша, онлайн сауалнамадан өту рәсіміне қатысты бірқатар мәселе туындаған. 

«Кейбір азаматтар тұрғылықты мекенжайын толтыру кезінде қиындықтарға тап болды. Респондентке көше атауының алғашқы әріптерін енгізу керек, содан кейін жүйе автоматты түрде ұқсас нұсқаларды шығарады. Егер бірінші әрекет кезінде қажетті мекенжайды табу мүмкін болмаса, қазақ және орыс тілдерінде түрлі вариацияларды теру қажет. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жеңіс» көшесін орысша вариацияда «Женис» деп терсе, жүйе қажетті мекенжайды бермейді. Себебі көше атауында қазақ тіліне тән әріптер бар», деп жазады комитеттің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желіде sanaq.gov.kz сайты арқылы сауалдарға жауап беру кезінде түрлі қателіктер шыққаны туралы хабар тараған болатын. 

«Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік тіл білімінің деңгейіне қатысты сұрақтан қателік тапқан. Тараған бейнежазбаның басында респондент 3-ші парақтың 13-ші сауалына (Сіз қай тілдерді меңгергенсіз?) жауап беру кезінде қазақ және орыс тілдерін меңгергенін көрсеткен. Келесі сауал (Сіз мемлекеттік тілді меңгергенсіз бе? Егер «Иә» деген жауап болса, онда сіз оны күнделікті өмірде қолданасыз ба?) мемлекеттік тілді күнделікті өмірде қолдану-қолданбауын нақтылау мақсатында қойылған. Егер алғашқысында «қазақ тілін меңгергенін» көрсетіп, келесі сұрақта керісінше жауап қатса, жүйе қателікті аңғарып, бірден белгі береді. Осылайша адами факторға жол берілмейді. Санақ парақтарында бірнше өзара байланысты сұрақтар бар. Сондықтан жүйе жауаптардың бірізді болуын қамтитындай құрылған», деп жазылға ресми комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұлттық статистика бюросы онлайн санаққа қатысты қандай да бір қиындық немесе сауал туындаса, «1446» байланыс орталығына хабарласуға болатынын хабарлайды. 

Еске салсақ, кеше Ұлттық санақтың онлайн кезеңі басталды. 15 қазанға дейін қазақстандықтарға санаққа онлайн режимде атсалысу мүмкіндігі беріліп отыр.


Новости партнеров