Оқиға Әуезов ауданына қарасты балабақшаның «Бауырсақ» тобында болған
Әлеуметтік желіге тарап жатқан бейнекамерадағы кадрлар арқылы тәрбиешінің баланы ұрып, тамақ ішіп отырған сәбиді басқа бөлмеге сүйрелегенін көруге болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әуезов ауданына қарасты балабақшаның «Бауырсақ» тобы тәрбиешісі тамақ ішіп отырған баламен ісі біткен соң, өзге баланың да басынан нұқыған. Алматы қалалық білім басқармасы аталған оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатқанын, оқиға толық белгілі болған соң ғана түсінік беретіндерін мәлімдеді.