Алматыдағы жағдай адамның жанын ауыртады – Мереке Құлкенов

05.01.2022 19:20
Almaty.tv

«Алматыдағы жағдай адамның жанын ауыртады».  Елдегі саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Табан басып тұрған жер  біздің жер. Сондықтан әлеуметтік желідегі, айналадағы адамдардың айтқанына еріп бүліншілік жасау, дұрыс емес. Мен сіздермен біргемін, сіздерді қолдаймын. Бірақ бұлай істеуге болмайды. Ертең шығынның бәрі біздің мойнымызға түседі. Соны ойлау керек. Біз бәріміз біргеміз. Өз талабынды бейбіт түрде жеткізу керек. Алматыдағы жағдай адамның жанын ауыртады. Сол үшін ойлану керек. Менің сіздерге жақсылықтан басқа тілерім жоқ», – дейді жазушы Мереке Құлкенов.