Бұл туралы көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев айтты
Астананың 6 негізгі кіреберісіне арнайы станция орнатыла бастады. Бастама жол сапасын қорғау мақсатында қолға алынған. Бұл туралы көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, 43 жылжымалы бақылау бекетінің күшімен 157 мың шақырымдық автомобиль жолы бақыланады. Негізгі тәртіп бойынша 1 бекетке 5 мың шақырым автожол жүктелген. Министрлік өкілі жүк көтеру мүмкіндігі 12 тоннадан асатын барлық темір тұлпарларға салмақ өлшеу міндеттелетінін айтты.
– Өткен жылдың желтоқсан айында автоматтандырылған өлшеу станциялары жұмыс тәртібін реттейтін заң қабылданды. Бұл заңда әкімдіктерге жергілікті автожолдарда өлшеу станцияларын орнату жөніндегі өкілеттік беріліп, жүк көтергіштігі 12 тоннадан асатын барлық көлік құралдары осы станциялар арқылы өлшенуі көзделген, – деді ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев.
Оқи отырыңыз: Алматыда қысқы маусымға дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр