Қазақстандағы аутсайдер 10 университет анықталды

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Атамекен» ҚР ҰКП үш жыл қатарынан жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізіп келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Атамекен» ҚР ҰКП жүргізген зерттеу нәтижесінде елдегі аутсайдер университеттердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Атамекен» ҚР ҰКП үш жыл қатарынан жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізіп келеді. Рейтинг «Түлектердің маңсаптық перспективасы», «Білім беру бағдарламасының сапасы» және «Білім алушылардың жетістіктері» атты үш блокты қамтитын 17 критерий негізіне жүргізіледі. 2020 жылы зерттеу шеңберінде 2 мың білім беру бағдарламасы қамтылды, 68 мың түлектің жұмысқа тұруына талдау жасалды. 

«Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту жөніндегі департамент директоры Азамат Бейсембинов: «Қызықты жайт бар: рейтингте біз баклавриатты сараладық, барлығы 68 мың түлекке зерттеу жүргізілді. Соның ішінде 12 пайызы магистратурада білім жалғастырды, қалғаны нарыққа кеткен. Барлық бағдарламалар бойынша жұмыспен қамту көрсеткіші 71%, ал еңбекпен қамтылудың жоғары пайызын «денсаулық сақтау» және «медицина» саласының түлектері көрсетіп отыр. Ол 81 пайызды құрады», – деді.

Қазақстанның барлық өңірлерінен 600-ден астам сарапшы қатысып, нәтижесінде 108 университет бойынша 6 мың сараптамалық қорытынды шығарылды. Түлектердің еңбекпен қамтылуы бойынша ең нашар университеттердің тізімі мынадай:

1. «Сырдария» университеті

2. Шымкент университеті

3. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

4. «Астана» университеті

5. Тараз инновациялық гуманитарлық университеті

6. Академик А.Қуатбекова халық достығы университеті

7. Шет тілдері және іскерлік маңсап университеті

8. Қазақ-Орыс халықаралық университеті

9. «Болашақ» университеті, Қызылорда қаласы

10. «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты

Новости партнеров