Қала әкімінің сөзінше, осы жылы Алматыда 10-10,5% инфляция күтіліп отыр
Алматыда жыл соңына дейін азық-түліктің бағасы тұрақты болады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бұл әкімдіктің назарындағы маңызды дүние. Биылғы 5 айдың ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы 4,8%-ға өсті. Бірақ бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 15 миллиард теңге бөлдік. Менің ойымша, азық-түлік бағасы осы жылдың соңына дейін аздап болса да тұрақты болады. Осы жылы Алматыда 10-10,5% инфляция күтіліп отыр», - деді Ерболат Досаев журналистің сұрағына жауап беріп.