Алматыда саясаткерді еске алды
Көпшілік саясаткердің рухына тағзым етіп, оның жетістіктерін, идеялары мен істерін еске алуға жиналды. Олардың арасында белгілі саясаткерлер мен танымал тұлғалар: түрлі партия мен қозғалыстың өкілдері, депутаттық корпустың мүшелері, жазушылар, музыка қайраткерлері және басқалары бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жиылған жұрт Заманбек Нұрқаділов туралы жылы естеліктер айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қысым-Жомарт Тоқаев пен Сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың хаттары да оқылды.
Президенттің хатында Заманбек Нұрқаділовтің туған жері - Алматы облысы Кеген ауданында ескерткіш, ал Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылатыны айтылған.
Жиналғандардың көбі Нұрқаділовтың олармен бірге түрлі жобаға қатысқанын, инвестиция тартып, халықты жұмыспен қамтамасыз еткенін айтты.
Сөз сөйлегендер "Заманбек Нұрқаділовтің есімі қала тұрғындарың жүрегінде көпке дейін сақталатынын" да айтты.
Оқи отырыңыз: Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, үшеуі тоқтатылды