Былтыр 602 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды

20.01.2023 19:26

Агенттік басшысының айтуыншы, 2022 жылы 756 тексеру шаралары жүргізілді

turkystan.kz

2022 жылы 602 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Агенттіктің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Қызмет алушылардың құқықтарын проактивті түрде қорғау және қалпына келтіруге ерекше назар аударып отырмыз. Азаматтардың шағымдарын күтпей-ақ, қашықтан мониторинг жасап, құқық бұзушылықтар болған жағдайда заңдылықты орнату тәжірибесін бастадық», - деді ол агенттіктің кеңейтілген алқа отырысында.

Агенттік басшысының айтуыншы, 2022 жылы 756 тексеру шаралары жүргізілді. Оның ішінде алдын алу негізінде 290 және жоспардан тыс 466 тексеру болған.

«Тексеру барысында 46 мыңға жуық заң бұзылды. 602 лауазымды тұлға тәртіптік, 305-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен қысқартылған істер болған жоқ. Агенттік талдау және мониторинг негізінде 21 орталық мемлекеттік органға және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына бұзушылықтардың алдын алуға және қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған 1200-ден астам ұсыныс жолданды. Ақпараттық жүйелердің жұмысына да мониторинг жүргізілді. Оның қорытындылары Премьер-Министрдің атына енгізілді. Нәтижесінде, Цифрлық даму министрлігі агенттік анықтаған кемшіліктерді жою жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Жоспар порталда жұмыс істемей тұрған 25 электрондық қызметті қалпына келтіруді, 9 қызмет бойынша ақпараттық жүйелердің функционалын пысықтауды, 11 дерекқорды ықпалдастыруды көздейді», - деді Дархан Жазықбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат.