Әлеуметтік желіде Аян Дүйсенбаевтың сыйлық ретінде берілген сәйгүлікке мініп, халық қошеметіне бөленген видео тараған болатын
Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды. Қатаң шара қолданылатынын айтты.
Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде тараған видеода Атырау облысының Полиция департаменті басшысына ұқсас адамға ат мінгізген видео тарап кеткен болатын. Қызметтік тергеу басталды.
Қазақстанның ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.
"Ішкі істер министрлігі Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевқа қатысты видео әлеуметтік желіде жариялануына байланысты қызметтік тергеу жүргізу үшін өңірге аттанды", - делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік атап өткендей, қызметтік тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.
ІІМ Е.Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 15 мая 2019 г.