50 отбасы түрлі киім-кешек түрімен қамтамасыз етілді
Бүгінгі күні АӘК жалпы соммасы 428,8 млн теңгені 1578 отбасы алады, тұрғын үй көмегін 7,1 млн теңге көлемінде 279 отбасы алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ертіс Бесіров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2021-2025 жж. арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында 8010 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 196 адам, қоғамдық жұмыс орындарына 1835 адам, жастар практикасына 159 адам, 400 АЕК көлемінде гранттар 7 адамға және тұрақты жұмыс орындары 1056 адамға берілді», - деп атап өтті Е. Бесіров.
2022 жылдың басынан «TAU - Шаңырақ» қорының қолдауымен 1000-нан астам әлеуметтік осал отбасылар, «Unicef» қоры тарапынан 55 отбасы азық-түлік жиынтығымен, 50 отбасы түрлі киім-кешек түрлерімен қамтамасыз етілді.
Ауданда аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін «Бақытты Отбасы», «Шыңға өрлеу» және «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік орталықтары және «Алатау аналары», «Аналарға көмек» және «Зейін» қоғамдық қорлары жұмыс істейді.
«Аталған орталықтар аналарға, балаларға, зейнеткерлерге консультативті және ресурстық қолдау көрсетеді, базалық тренингтер өткізеді, жұмысқа орналасуға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдерге тігін ісі, косметологиялық қызметтер, компьютерлік сауаттылық және тағы басқалар оқытылады, ал аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға музыка мен өнер, би және түрлі аспаптарда ойнау үйретіледі», - деп хабарлады Е. Бесіров.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша Томирис шағынауданында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы жүргізілізіп отыр.