«7-арнадан» шығатын «Өз ойым» бағдарламасына Жұлдыз есімді бойжеткен жігітіне қалай несие әперіп, алданып қалғанын айтты.
Екі жас былтыр мамыр айында танысқан.
«Жақсы көргендігімнен шығар, алаяқ деп мүлдем ойлаған жоқпын. Ол: «Жұмысымда қиындықтар шығып қалды, несие алып берші», – деді. Егер ақшаны уақытында берсе, неге көмектеспеске деп ойладым. Оның үстіне екеуміз күзде үйленгелі жүргенбіз. Сондықтан оған сендім де, 2 млн теңге алып бердім», – дейді Жұлдыз Айтбекқызы.
Онымен қоймай, жігіт аянышты көріну үшін анасынан айрылып қалғанын айтқан. Оны естіген болашақ енесі жігітті көңіл шайға шақырған, тіпті сол жерде ол еңіреп тұрып жыласа керек.