Ол адамдарға соттарда құқықтық мәселелерді шешіп беремін деп уәде еткен
Алматы полициясы жалған полицейдің әрекетінен жапа шеккен адамдардың үн қосуын сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 31 жастағы әйел полицияға қатысы жоқ болса да «ішкі істер органдарында істеймін» деп елді алдаған.
«Ол адамдарға соттарда құқықтық мәселелерді шешіп беремін деп уәде еткен. Қылмыстық жоспарын жүзеге асыру мақсатында ол барлық жерде қызметтік киім киім жүрген. Әлеуметтік желіге де мундирмен жүрген кезіндегі суреттерін қойған», - деді қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасынан.
Полиция бұл әйелдің әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-40-27; 254-40-44; 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.