Бойы 175-178 сантиметр, шашы қара
Семей қаласының 18 жастағы тұрғыны із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды YK-news.kz.
Еріктілердің мәліметінше, оны соңғы рет Бородулиха ауданында көрген. Volontery_semey_LIDER.KZ еріктілер тобының мүшелері 2000 жылғы Кимбаев Дмитрий Қайратұлының бірнеше күн бұрын жоғалып кеткені туралы мәліметтер жариялады.
Болжаммен, ол 6 сәуірде шамамен түнгі 22:00-де Бородулиха ауданындағы Песчанка ауылында болған. Ары қарай оның қайда кеткені белгісіз.
Бойы 175-178 сантиметр, шашы қара. Оның үстінде жасыл түсті копюшоны бар ветровка, Adidas шалбары болған.
Қандайда бір мәліметті білген жағдайда мына телефондарға хабарласу сұралады: 8-747-349-57-17 немесе102.