«Ақылды қала» халықаралық байқауы алғаш рет өтті
Оңтүстік Кореяда Алматы қалалық деректер геоаналитикалық платформасы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ақылды қала» халықаралық байқауы алғаш рет өтті. Оны Сеул үкіметі және Дүниежүзілік ақылды тұрақты қалалар ұйымы (WeGO) жаңа технологияларды енгізуде мегаполистерді ынталандыру мақсатында бекіткен болатын.
Биыл Алматы «GEO-ANALYTICS.KZ» инновациялық жобасы үшін Tech-InnovaCity номинациясы бойынша сыйлықтың қола жүлдегері атанды. Веллингтон (Жаңа Зеландия) алтын, Мадрид (Испания) және Лос-Анджелес (АҚШ) осы номинацияда күміс жүлдені алды.
Байқауға 240 өтінім келіп түсті: инновациялық шешімдерді ұсынған қалалар ғана емес, сонымен қатар бірегей технологиялық өнімдерді әзірлеген жеке компаниялар да қатысты. Қазылар алқасы жобаларды Tech-Innovaciy, Human-CentriCity және LLeadership номинация бойынша бағалады.
«Ақылды қала» сыйлығы Сеул басқаратын WeGO халықаралық қауымдастығының қолдауымен өтеді. WeGO 160 қаланы, 37-ден астам жоғары технологиялық компанияларды және қалалық процестерді автоматтандыру үшін инновацияларды дамытуға және жасанды интеллектті енгізуге бағытталған 18 халықаралық зерттеу ұйымдарын біріктіреді. Ұйымда Қазақстан атынан Алматы мен Астана қатысады. WeGO-мен ынтымақтастық «ақылды қалалар» саласындағы үздік тәжірибелер және стандарттармен өзара алмасу үшін халықаралық платформаға қосылуға мүмкіндік береді. Ұйымның Алматыда неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өңірлік кеңсесін ашу мүмкіндігі қарастырылуда.
Анықтама: Алматының «GEO-ANALYTICS.KZ» платформасы өзгерістер тарихын сақтай отырып, нақты уақыт режимінде түрлі деректерді біріктіруге қабілетті. Оның 2020 жылы құрылуы Ovid-19 пандемиясының қиындықтарына жауап болды. Платформа қалалық қызметтердің тиімділігін арттыруға ықпал етті әрі ең осал аймақтарды қадағалады және вирустың ықтимал таралу бағыттарын болжады. Қазір «GEO-ANALYTICS.KZ» қалалық деректерді талдаудың әмбебап құралына айналды. Барлық келіп түскен ақпаратты өңдей отырып, жүйе мектептердің, ХҚКО-лардың, балабақшалардың нақты қай жерде жетіспейтінін көрсете алады, жол инфрақұрылымы жүктемсіне баға береді, атаулы көмек көрсету үшін шағын және орта бизнестің белсенділігін бақылайды. Платформа талдауы бюджетті тиімді жоспарлауға, қалалық қызметтердің жұмысын оңтайландыруға және өзгерістерге жедел жауап беруге мүмкіндік беретін деперсонифицирленген деректерді жинайды.
Оқи отырыңыз: Алматы полицейлері тұрғынға шабуыл жасаған адамды ұстады