Отандық көлік өндірісі дамып келеді

21.08.2019 19:42

Бүгінде кәсіпорыннан шыққан темір тұлпардың жалпы саны 24,7 мыңды құрайды

Отандық жеңіл көлік өндірісі 40 пайызға, ал ауыр жүк көлігін шығару екі есеге өскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгінде кәсіпорыннан шыққан темір тұлпардың жалпы саны 24,7 мыңды құрайды. Оның 22 мыңнан астамы жеңіл автокөлік болса, 1200-і ауыр жүк көлігі. 

Сондай-ақ, елімізде автобустар құрастыру да 4 жарым есеге өскен.