Бұл туралы күні кеше өткен әкімнің қатысуымен өткен брифингте айтылды
25 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясын тікелей эфирде бақылаған көрермендер Алматы қаласының бүгінгі жағдайы мен алдағы даму жоспары жөнінде біраз ақпаратқа қанық болды. Солардың бірі Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Әсет Базарбай Алматыдағы тұрғын үй мәселесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы қаласында тұрғын үй мәселесін шешу өткір тұр. Бұл урбанизация процесі артқан сайын өзекті болып қала бермек. Алайда соған қарамастан қалада баспана мәселесін оңтайлы шешу үшін жұмыстар атқарылып жатыр. «Алматы жастары», «Шаңырақ» бағдарламалары өз жемісін беріп жатыр. Бұл туралы ақпарат күні кеше өткен арнайы әкімнің брифингінде айтылды. Өзге де тиімді әрі баспана алуға қолайлы бағдарламалар қабылдануын жалғастырады», – деп жазды ол.