Соттың айтуынша, қылмыскер оқиға кезінде өз әрекетіне жауап бере алмайтын күйде болған
Осыдан жеті ай бұрын Қызылорданың Тасбөгет кентінде жантүршігерлік қылмыс орын алған болатын. Сүйіктісін қызғанған 27 жастағы жігіт оның басын кесіп, денесін үш жерден пышақтаған. Алайда қылмыскер азамат соттың шешімімен заң алдындағы жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды nur.kz.
Қылмыстық оқиғаға дейін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген азаматты сот психикалық емдеу орталығына жатқызуға шешім қабылдаған.
Соттың айтуынша, қылмыскер оқиға кезінде өз әрекетіне жауап бере алмайтын күйде болған.
«Бекенов Шыңғыс Сәдуақасұлы қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлімі 5-ші тармағында көрсетілген қылмыстық әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасауына байланысты 16-бапқа сай қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Бекенов Шыңғыс Сәдуақасұлына науқасты инициативті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылуда», - деді Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Әл-Фараби Жақсылықов.
Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс осыдан жеті ай бұрын орын алған. Сүйіктісімен жанжалдасқан жігіт 22 жастағы бойжеткенді пышақтап, артынша оның басын кесіп алған. Артынше өзіне де қол жұмсамақ болған.