Айгүл Құспан Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды

29.03.2023 19:46

Палата депуттары бұл кандидатураны қолдады

Фото: gov.kz

ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Айгүл Құспан сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, бүгін жалпы отырыста Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына Айгүл Сайфоллақызы Құспанның кандидатурасы ұсынылған болатын.

Палата депуттары бұл кандидатураны қолдады.

А. Құспан Алматы шет тілдері педагогикалық институтын (1983); М.Торез атындағы Мәскеу шет тілдері педагогикалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1983-1984 және 1989-1992 - Алматы шет тілдері педагогикалық институтының оқытушысы;

1996-1999 жж. - Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;

1999-2002 жж. - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, бөлім бастығы;

2002-2004 жж. - Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің кеңесшісі;

2004-2006 жж. - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті бөлімінің бастығы;

2006-2011 жж. - Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі;

2011-2013 жж. - Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары;

2014 -2018 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің директоры;

2018 - 2021 жж. - Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еурапа Одағы жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметтерін қоса атқарған.