Оның орнына басқа күндері ораза ұстайды
ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров ораза ұстаудан кімдердің және қандай жағдайларда босатылатынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Біреудің өміріне жауапты қызмет иелері – ұшқыш, дәрігер, ауыр жұмыс істейтін адамдар, кенші, металлург, қауіпті нысандарда қызмет ететін құрылысшылар және т.б. қызмет иелерінің ораза ұстауға шамасы жетпесе, оны кейінге қалдыра алады. Сонымен қатар, елдің қарулы күштері, бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшкен кезде ораза тұту – әскердің қырағылығы мен жауынгерлік даярлығын әлсіретуге алып барса, оразаны тоқтатуға рұқсат етіледі. Оның орнына басқа күндері ораза ұстайды», – деді Ершат Ағыбайұлы Оңғаров.
Еске саламыз, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Мамыр айының 19-нан 20-сына қараған түн – мың айдан қайырлы қасиетті Қадір түні. Ораза айт намазы 24 мамырда оқылады.