Қоғам белсендісі 18 сәуірде ұсталған болатын
Белгілі журналист және қоғам белсендісі Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қылмыстық істің тоқтатылғаны турады Арман Шораевтың өзі Tengrinews.kz тілшісімен телефон арқылы тілдескенде айтқан.
«Қылмыстың болмауына байланысты тоқтады. Әзірге ештеңе айта алмаймын», - дейді Шораев.
Арман Шораев – ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры болған.
Еске салсақ, танымал журналистің 18 сәуірде ұсталғаны белгілі болған еді. Арман Шораевқа төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келуіне қауіп төндірді деген айып тағылған.
Кейін оның қолхатпен босатылғаны хабарланған.