Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған
Азаматтар тіркеу орнын ауыстырған кезде автоматты түрде əскери есепке қойылатын болады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жергілікті əскери басқару органының жеке тұлғалардың мемлекеттік дерек базасымен интеграциялау есебінен азаматтарды əскери есепке қою жəне одан шығару жөніндегі мемлекеттік қызмет ел ішінде орын ауыстыру кезінде цифрлық форматта көрсетіледі. Әскери есепке алу орны туралы мəліметтер пайдаланушының жеке кабинетінде көрсетіледі. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігімен бірлесіп, азаматтар тіркеу орнын ауыстырған кезде автоматты түрде əскери есепке қоюды іске асыру жəне осы көрсетілетін қызметті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алу бойынша іс-шаралар қабылдауда», – деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.