Шараны ұлттық оқу-клиникалық орталығы мамандары ұйымдастырды
Алматыда оқыс оқиғалардың алдын-алу мақсатында мектеп оқушылары мен мұғалімдерге алғашқы көмек әдістері түсіндірілді. Шараны ұлттық оқу-клиникалық орталығы мамандары ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар бүгінге дейін қаладағы 3 мектепке арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Мамандар бұл игі бастаманы әріптестеріне әлеуметтік желінің көмегімен эстафета арқылы жолдап, барлық мектеп оқушыларын пайдалы ақпаратпен қамтымақ.
«Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты – балаларға, балалармен жұмыс жасайтын адамдарға алғашқы көмектің дағдыларын үйрету. Мысалы, жүрек тоқтаған кезде алғашқы 5-6 минут ең маңызды. Жедел-жәрдем келгенше тым құрығанда жүрек массажын жасап тұса, адам өмірін алып қалуға мүмкіндік бар», – деді ұлттық оқу-клиникалық орталығының басшысы Айгүл МҰСЫЛМАНБЕКҚЫЗЫ.