Алатау ауданы прокуратурасы жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерді қабылдады

16.02.2022 20:01

Қабылдау аптаның 3 күнінде, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма өткізілетін болады

Бүгін Алатау ауданы прокуратурасы қала прокурорының бастамасымен жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерді қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен шараға келгендер өздерінің мәселелерін тиісті мемлекеттік орган өкілдеріне жеткізіп, жауап ала алды. Көбі үй алу кезегіне тұру, жерді заңдастыру, әлеуметтік көмек алу сынды мәселелермен келген. Қабылдау аптаның 3 күнінде, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма өткізілетін болады. 

«Халық өзінің мәселесімен келіп жатыр. Біз сол мәселелерді барынша шешуге атсалысудамыз. Барлығы халықпен тығыз жұмыс жасап, елге жақын болу үшін жасалып жатыр», - деді Алатау ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Ербол Қамза.