Б. Сағынтаев алматылықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

01.06.2020 20:12

Бала – отбасының бақыты, оның мызғымас тірегі

© Sputnik / Владислав Воднев

Б. Сағынтаев алматылықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу мен олардың мүдделерін қорғау қоғам мен мемлекеттің басты міндеттері екенін атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің аккаунтында Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауын жариялады.

«Бала – отбасының бақыты, оның мызғымас тірегі. Бүгінде тәрбие мен отбасылық құндылықтарды нығайту қоғам мен мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. Әр баланың дені сау, бақыт құшағында өсуі үшін бәрін жасаймыз», – деп жазды Алматы әкімі.