Т. Рақымбековті қолдайтын жастар Талдықорғанда флешмоб ұйымдастырды

Т. Рақымбековті қолдайтын жастар Талдықорғанда флешмоб ұйымдастырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жастар саясатын нықтап қолға алу керек. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков бағдарламасындағы дәл осы тетіктер Алматы облысында кеңінен талқыланды. Осы мақсатта Талдықорған қаласының қақ төрінде арнайы флешмоб ұйымдастырылып, жергілікті қыз-жігіттер ұлттық биімізді ерекше нақышта орындап шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әсіресе, білім беру, тұрғын үй, жұмысқа орналасу және тәлім-тәрбиеге қатысты мәселелерге бей-жай қарауға болмайды. Кандидат өз бағдарламасында жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оның ішінде бай рухани мұрамызды сақтап, жас ұрпақтың санасына сіңіру жолдарын ұсынады.

«Кандидатымыз Төлеутай Рақымбековті қолдау үшін біз осы акцияны ұйымдастырып отырмыз. мына коллективтер көрініс көрсін, Біздің қандай дәстүріміз болғанын, ұлттық киіміміздің қандай жарасымды көрінетінін ел көрсін. Себебі біздің кадидатымыздың бағдарламасында ұлттық құндылықтар жайлы айтылған», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Төлеутай Рақымбеков өңірлік штабының жетекшісі Қаламқас ИСАЕВА.

«Жастар саясатын бір жолға қою ұлттық құндылықтарды сақтаудан ғана тұрмайды. Оның ішінде білім алу, жұмысқа тұру және баспана мәселелері де шешімін табу керек. Соның арқасында ғана қазіргі жаппай урбанизацияны тоқтатуға болады. Әйтпесе, жоғары жалақы іздеген жастар ауылдарын тастап, ірі қалаларға қарай ағылып жатыр. Бұның арты ауылдың тұрмыс-тіршілігіне кері әсерін тигізері сөзсіз», – дейді Төлеутай Рақымбеков.


Новости партнеров