Елді лаңкестерден қорғаған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аты-жөні белгілі болды

10.01.2022 19:52

Соңғы ақпарға сәйкес дүрбелең кесірінен елімізде 164 адам қаза тапты

tengrinews.kz


Соңғы ақпарға сәйкес дүрбелең кесірінен елімізде 164 адам қаза тапты. Оның үшеуі бала. Ал елді лаңкестерден қорғаған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар: қатардағы жауынгерлер Мадияр Қайсаров Оразалыұлы, Дархан Барғанаев Ермекұлы, Айбат Аманов Ерболұлы, полиция капитаны Рахат Сланбеков Нұрбайұлы, полиция старшинасы Ринат Қамбетов Талғатұлы, сержант Әлен Асылханов Мұхитұлы, прапорщик Ербол Ержанов Тілеубекұлы, кіші сержант Нұрболсын Алмасов Ғаниұлы, Ғабдолла Смайылқанов Ғалымұлы. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де оққа ұшты: Атап айтсақ, Шекара академиясы кафедрасының бастығы Андрей Кабдинов, Терроризмге қарсы орталықтың бөлім бастығы Дастан Әділбай, аға офицер Жандос Жағалбаев, Әділ Нұркенов және үш курсант Жайық Адылқан, Мейірхан Бітім, Дәулет Жұпарбеков.

Опат болған азаматтардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.