Ақтөбеде 32 жастағы жүкті әйел жоғалып кетті

11.03.2019 19:53

Динара Зарипова 5 наурыз күні үйден шығып кетіп, оралмаған

sn.kz

Ақтөбе қаласында 32 жастағы Динара Зарипова жоғалып кетті. Жүкті келіншек үйінен шығып кетіп, бір аптадан бері оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Апам Динара Зарипова 5 наурыз күні үйден шығып кетіп, оралмады. Үш баласы бар. Жолдасымен арада ешқандай ұрыс-керіс болмады. Ешқашан үйден кетіп, хабарсыз қалмап еді. Бірінші рет тіркеліп тұрған соң полицияға арыз жазып, көмек сұрадық. Ауылда тұратын еді. Маған және ата-енесінің үйіне баратын. Үлкені 5 сынып оқиды. 6 және 2 жаста балалары бар. Қазір төртінші баласына жүкті. Сол күні кешкісін менің үйімнен шығып кеткен, содан бері хабарсыз», - дейді сіңлісі Гүлмира Зарипова.

Қазір еріктілер іздеу жұмыстарына кірісті. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 8-наурыз күні арыз түскенін, іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.