Алматыдан 443 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 443 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 сағат 07 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 443 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.9. MPV магнитудасы - 4. 2. Эпицентрінің координаттары - 41.78° с.е. 81.94° ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.  


Новости партнеров