Топар ауылында бірнеше тұрғыннан сібір жарасы анықталған еді
Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған науқастардың бірі көз жұмды. 75 жастағы ер адам бүгін таңертең жансақтау бөлімінде жан тапсырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, марқұм медициналық көмекке кеш жүгінген. Ал қалған екі науқастың жағдайы тұрақты.
Айта кетейік, облыстағы Топар ауылында бірнеше тұрғыннан сібір жарасы анықталып, елдімекенде карантин енгізілген еді. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастар осы елдімекенде тұрады. Қазір ауылға кіреберіс жерде арнайы бекет орнатылған.
Оқи отырыңыз: Сібір жарасы: Қарағанды облысында 2 апталық карантин жарияланды