Биыл Алатау ауданында 2 700 әйел мен көпбалалы анаға қолдау көрсетіледі

28.04.2022 19:58

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты

ашық дереккөз

Биыл «Бақытты отбасы» және «Алатау аналары» қоры арқылы 2 700 әйел мен көпбалалы анаға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Шыңға өрлеу» жобасы бойынша тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қосымша тегін білім беру үшін 502 бала қамтылады. Сонымен қатар 2022 жылы «Бақытты отбасы» және «Алатау аналары» қоры арқылы 2 700 әйел мен көпбалалы анаға қолдау көрсетіледі», – деді Досаев.

Оның айтуынша, осы жылдың 1-тоқсанында аудан бойынша 7 639 адам 232 млн теңге әлеуметтік көмек алды (жалпы саны 28 205 адамның 27%), оның ішінде 6 488 адам (1 262 отбасы) – 179,1 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек алды (жалпы саны 18 002 адамның 36%).

Айта кетейік, ауданда 9 491 көпбалалы отбасы және 20 089 зейнеткер, Ұлты Отан соғысының 6 ардагері тұрады.