Сонымен қатар марқұмның отбасына 3 бөлмелі пәтердің сертификаты да берілді
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына президенттің атынан ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар марқұмның отбасына 3 бөлмелі пәтердің сертификаты да берілді.
Сонымен қатар Бесқарағай ауданында отбасымен бірге орман өртінің алдын алған Бесқарағай ауылының тұрғындары Жанболат и Анаргуль Рүстемовтер отбасына алғыс хат пен тұрмыстық техника табысталды.
Айта кетейік, 6 қыркүйек күні Жанболат Рүстемов отбасымен бірге жекеменшік көлігімен келе жатып, орманнан шыққан түтінді байқайды. Рүстемовтер отбасы бірден тиісті орындарға телефон шалып, отты өздері сөндіре бастады. Канонер филиалының орман өртін сөндіру стансасы мамандары келіп жеткенге дейін Жанболат Рүстемов, зайыбы Анаргүл Рүстемова және ұлдары Есхан Рүстемов үшеуі өртті сөндіріп үлгерген.