«Ұлы дала қырандары» Өскемен қаласының кітапханашыларымен кездесті

«Ұлы дала қырандары» Өскемен қаласының кітапханашыларымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

21 мамыр – мәдениет және өнер қайраткерлерінің күні. Осыған орай, «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Президенттік сайлауға түскен кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Өскемен қаласындағы кітапхана ұжымымен және жергілікті халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

С.Түгел сала мамандарын төл мерекесімен құттықтап, жиналған қауымды үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, сенімді өкілдер кандидаттың  қоғамдық қызметі мен шығармашылық жолы жайында да баяндап, халықты ұлы дала мәдениетін жаңғырту және ұлттық құндылықтарды ұлықтау ісінде белсенділік танытуға шақырды. Мәдениет -  ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші – зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр деді өкілдер.

«Тілдің тазалығы, тілдің құндылығы – қазақтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын аманаты. Осыған басты көңіл аударып отыр. Қоғамдық орын болсын, жиналыс болсын өзіміздің ана тіліміздің мәртебесін көтеруіміз керек», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сенімді өкілі Тұрсынбек САҒЫНДЫҚОВ.

«Сәдібек Түгел қазақтың ұлттық  ойындарын ұйымдастырып, Қазақстанымыздың әрбір қаласына, тіпті шетелдерге дейін көрсетіп жүр. Өткені, жас ұрпақ қазақтың салт-дәстүрін ұмытпаса екен деген ниет бар», – дейді зейнеткер Жаңабай ӘШІМ.

Новости партнеров