Су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есебінен 114 үй салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов хабарлады. Шендінің айтуынша, қазір өңірдегі Сырым ауданына баспана тұрғызу туралы меморандумға қол қойылды. Оның 49-ы Жымпиты ауылында, 25-і Бұлдыртыда, 38-і Үлентіде, тағы екеуі Жетікөл мен Жаңақоныс ауылдарында бой көтереді.
- Атап өту керек, бірде-бір мемлекетте саяжайдағы тұрғындардың шығынын өтеу деген болмаған. Біздің мемлекет тарапынан осындай қолдауға ие болған жағдайда, ашықтық керек. Яғни, саяжай иесінің өзінің атында немесе отбасындағы басқа мүшелерінің атында баспанасы бар-жоғын анықтаймыз, - дейді облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов.
Айта кетейік 1-30 сәуір аралығында қорға түскен қаражаттың барлығы төтенше жағдайдың салдарын жойып, тұрғын үй салуға бағытталады. Ұйым өзінің ресми сайтында жұмсалған сома бойынша есеп береді. Сондай-ақ жергілікті билік өтемақы төлеу мәселесін ретке келтіреді.
- Қазір облыс резервінен тұрғындарға жалпы сомасы 402 млн теңге болатын 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем берілді. Сондай-ақ, күні кеше тасқын салдарынан өлген малдың орнын толтыру туралы қаулы қабылданды. Оған 180 млн теңге қаражат бөлінді, - дейді облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиев.
Оқи отырыңыз: Су тасқыны: зардап шеккен аймақтар 5 айда қалпына келтіріледі